• Информационные каналы
  • Лента уведомлений
  • План поездок
Без статуса
11 +11 Прирост читательского охвата
за последние 30 дней
Читательский охват
0 комментариев
Отдыхал С семьей в июле 2026
05.07.26 - 11.07.26
- Рекомендую отель
5
  • 5 размещение
  • 5 сервис
  • 5 питание
Не подтвержден
Не влияет на рейтинг отеля

Қонақ үй өте керемет

Жақында Kirman Belazur қонақ үйінде демалып қайттық, әсеріміз өте керемет болды! Бұл жер шынымен де демалыс үшін таптырмас таңдау екеніне көзіміз жетті. Қонақ үйдің аумағы өте таза, әдемі әрі күтімі жоғары деңгейде жасалған. Жасыл желекке толы бақтары, бассейндері мен теңіз жағалауы ерекше әсер сыйлайды. Әсіресе теңіздің жақын орналасуы үлкен плюс болды – таңертең ерте тұрып, таза ауада серуендеп, күннің шығуын тамашалау ұмытылмас сәттер сыйлады.

Қызмет көрсету деңгейі өте жоғары. Қонақтарды қарсы алудан бастап, бөлмелерді тазалау, ресторандағы қызмет – барлығы кәсіби әрі сыпайы ұйымдастырылған. Гест релейшндағы қызымыз Сандуғашқа үлкен рахмет, алғысымыз шексіз, барлығына көмектесіп жүрді. Қызметкерлер әрдайым күлімдеп, көмектесуге дайын тұрады, бұл өзіңді ерекше қонақ ретінде сезіндіреді 🥰🥰🥰

Тамақтары да өте дәмді әрі әртүрлі. Әлемдік асханадан бастап, жергілікті тағамдарға дейін кең таңдау бар. Әсіресе десерттер мен жемістердің көптігі көңілімізден шықты. Күн сайын жаңа мәзір ұсынылып, еш жалықтырмайды.

Бөлмелер кең, жарық әрі өте таза. Барлық қажетті заттар қарастырылған, демалуға толық жағдай жасалған. Балалармен келгендер үшін де барлық мүмкіндік бар – ойын алаңдары, анимация, арнайы бағдарламалар өте жақсы ұйымдастырылған.

Кешкі уақыттағы шоу бағдарламалар мен ойын-сауықтар демалысты одан әрі қызықты етеді. Музыка, би, түрлі концерттер – барлығы жоғары деңгейде өтті.

Жалпы айтқанда, Kirman Belazur – сапалы демалыс, жайлылық және жақсы көңіл-күй сыйлайтын тамаша орын. Бұл жерге тағы да келгіміз келеді және баршаңызға шын жүректен ұсынамыз!

Всего медиа - 1 Фотографий - 1 Видео - 0
  • тамақтары дәмді
  • жақсы локация
  • барлығы керемет
  • минусы жоқ
Добавлено: 11.07.2026 17:18
Статус отзыва: Не подтвержден - Не влияет на рейтинг отеля 2 505 символов в тексте
Все отзывы по отелю (243) Предыдущий отзыв Следующий отзыв
Bekzat
Неподтвержденный аккаунт
Турист